Негізгі және туынды сын есім
Мақсаты :
сын есім туралы туралы білімдері
пысықтай түседі. Сөздерді сөз таптарына ажырата білуге үйренеді.
Күтілетін нәтиже:Сын есім туралы алған білімдері кеңейеді. Сөз таптарын
ажырата алады.
Қолданатын әдіс тәсілдер: «Күннің көзін бұлттан арылту» әдісі, «Ойлан, бөліс, бірік»әдісі,деңгейлік
тапсырмалар, оқулықпен жұмыс, «Ыстық орындық» әдісі.
Сабақтың
типі: қайталау
Сабақтың
барысы:
1. Психологиялық ахуал орнату. Орындарында тұрып қолдарынан ұстап «Көршісінің есіміне «Қандай?» сұрағына
жауап қосып айту»
-міне балалар осындай көңіл күймен бүгінгі сабағымызды бастайық.
Орындарымызға отырайық.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын ьексеру үшін «Күннің көзін бүлттан арылту»
ойының ойнайық. Күнді ашу үшін әр бүлттың артындағы сұрақтарға жауап беру.
1.Қанша сөз табын
білеміз?
2.Туынды етістік?
3.Зат есімнің
тәуелденуі?
4.Сын есім?
5.Негізгі және туынды
сын есім?
6.Негізгі және туынды
етістік?
7. Етістік дегеніміз
не?
3. Мағынаны тану: «Ойлан, бөліс, бірік» әдәсі бойынша бүгінгі сабаққа кіру.
Есептердің мәндерін таба отырып өсу ретімен орналастырып, бундардан сөз құра
5х6=жә
4х5=гі
0х1= не
2х2= гіз
6х6=не
6х8=ту
7х7= ын
7х8=ды
8х8=сын
9х8=е
9х9= сім
4. Дәптермен жұмыс. Бүгінгі күнді жазып,
коркем жазу минуты Зз әріпін жазу. Зымыран, заман.
5. Тақтаға жазылған әріптермен сөз құрастыру. Ол жай ғана сөздер емес сөз
таптары болу керек. Ұнаған сөзімен сөйлем құрастыру. Сөйлем мүшелеріне талдау.
А, ә, п, р, т,
ы,ш
Сергіту сәті. Кім? Қандай? Қашан?
Мен ......айттым
6. Деңгейлік тапсырмалар беру.
1- деңгей. Оқулықтағы 1 – жаттығуды Сагиева Айнұр тақтаға орындайды.
2-деңгей. Жансая негізгі және туынды сын есім жазып, түсіндіріп береді.
3-деңгей. Ахтанбердіқызы Айнұрға сурет беріп сол суретпен негізгі және
туынды сын есімдерді қатыстырып шағын мәтін құру.
7. Оқулықпен жұмыс: Жаттығуларды орындау.
8. ыстық орындық стратегиясы бойынша
сабақты қорытындылау.
Ортаға отырған оқушыларға сұрақтар қойылады.
Рефлексиялық –бағалау
кезеңі.
«Тамшыларды көлшікке түсіру»
ойыны
Бұлттан жауған тамшыларда сын есімдер жазылған, негізгі сын есім тамшыларын,
негізгі сын есім атауы жазылған көлшікке түсіру, туынды сын есім тамшыларын, туынды сын есім атауы жазылған көлшікке түсіру. (ойын барысында талдап отыру)
- Ал, балалар, міне,бұлт ыдырап
Ал, балалар, бүгінгі сабағымызды ақын Дихан Әбілев ағамыздың мына өлең жолдарымен аяқтайық. (барлығы бірге)
Туған тілім – бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім – анам тілі - өз тілім!
Туған тілім – далам тілі - өз тілім!
Туған тілім – адам – тілі - өз тілім! – деп, өзіміздің туған тіліміз қазақ тілін қастерлей, қадірлей білейік.