2018 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есеп
08.02.2019
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңнамасына сәйкес «Шұбарағаш ОМ» КММ мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.
Мемлекеттік мекеме 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде қызмет көрсетіледі.
2018 жылы білім беру ұйымдары арқылы 2 қызмет көрсетілді.
2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің бағдарламаларын даярлауға ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау»
Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде және электронды түрінде қызмет көрсетіледі.
2018 жылы білім беру ұйымдары арқылы 18 қызмет көрсетілді.
3. «Өз денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларға үйде жеке тегін білім беруді ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде қызмет көрсетіледі.
2018 жылы мемлекеттік орган арқылы 0 қызмет көрсетілді.
4. «Мектепке дейінгі және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының оқытушылар құрамының біліктілік санаттарын (растауды) арналған аттестациялауға құжаттарды қабылдау»
Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде қызмет көрсетіледі.
2018 жылы - 5 қызмет көрсетілді,
5. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.
Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде қызмет көрсетіледі.
2018 жылы - 0 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат қоғамдық орындарда ақпараттық «Шұбарағаш ОМ » мемлекеттік мекемесінде орналасқан стендте және «Бұланды ақпарат» аудандық газетінде жарияланады.