Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Көне күндерден жеткен жәдігерлер |
Мектеп: Шұбарағаш орта мектебі |
|||||
Күні: 15.10.2020 |
Мұғалімнің аты-жөні: Амерханова З.С. |
|||||
Сынып: 7 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Жиембет жырау «Еңсегей бойлы ер Есім» |
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
7.1.1.1. Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау 7.1.2.1. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру; |
|||||
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалай алады. |
|||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылықтар мен кейіпкерлерді танып, ол құндылықтарды шынайы өмірмен байланыстыра отырып бағалай алады. |
||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: Шығарма кейіпкерін өзіндік құндылық болмысы тұрғысынан талдап, нәтижесінде әдеби эссе, сыни хабарлама жаза алады. |
||||||
Бағалау критерийі |
|
|||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады Жиембет жырау «Еңсегей бойлы ер Есім» толғауындағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалай алады. |
|||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Тұрақты сөз тіркестері, эпитет, аллитерация, ассонанс |
||||||
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: |
||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: Толғаудың негізгі идеясы неде? |
||||||
Не себепті толғау Есім ханға арналған деп ойлайсыз? |
||||||
Ишара: Жиембет образына сипаттама беру. |
||||||
Құндылықтарға баулу |
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы сияқты ұлттық немесе жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу еңсегей бойлы ер Есім жырындағы эпизодтар арқылы іске асырылады |
|||||
Пәнаралық байланыс |
Тарих, қазақ тілі, бейнелеу. |
|||||
Алдыңғы оқу |
Күлтегін жыры |
|||||
Жоспар |
||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы 10 минут |
Шаттық шеңберін құру. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Сәлемдесу. 2.Оқушыларды түгендеу. 3.Мозайка әдісімен, суреттер арқылы топқа бөлу. «Сәлемдеме жіберіңіз» әдісі бойынша сұрақ-жауап алу. Бағалау критерийі: 1.Жыршы, жырау сөздеріне анықтама бере алады. 2. Шығармадағы құндылықтарға қатысты эпизодтарды анықтайды. Қалыптастырушы бағалау. Смайликтер арқылы. |
Суреттер,стикер, жаттығу әдістері, смайликтер, миға шабуыл Бағалау парағы таратылып,топ спикерлері толтырады. |
||||
Сабақтың ортасы
Білу Түсіну
25 минут
2 минут |
Білу кезеңі. Т. «Талдап білу» Оқушылар толғауды бірінен соң бірі дауыстап оқиды және бір-бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама береді. Талқылаушы-толғаудың тақырыбын, сюжетін айтады. Белгілеуші-толғау мазмұны бойынша сұрақ дайындайды. Байланыстырушы-толғаудан алынған үзінділердегі тарихи шындықты өмірмен байланыстырады. Топ шешені-толғау мазмұнына сәйкес елдік, ерлік туралы мақал-мәтел айтады. Қорытындылаушы-толғаудың құндылығын айтып, баға береді. Оқушылар рөлдері бойынша жиналады, бір-бірінің жұмысын тексереді, өзара талқылайды. Бағалау критерийі:
Қалыптастырушы бағалау. «Бағдаршам» «Сергіту сәті» видеоролик арқылы «Қара жорға» биіне жаттығу жасайды. 1- деңгей Шығарманың "тарихи құндылығын" көрсететін эпизодтарды ментальді картаға түсіріңіз. 2- деңгей Есім ханға мінездеме береді және оны тарихтағы Есім ханмен салыстырады. 3- деңгей Шығарма кейіпкерін өзіндік құндылық болмысы тұрғысынан талдап, нәтижесінде әдеби эссе, сыни хабарлама жазады. Бағалау критерийі: 1. Білім алушы - жырдан шығарманың тарихи құндылығын танытатын 4 эпизодты анықтай алады. 2. Есім ханға мінездеме беру арқылы тарихи құндылығын танып, ол құндылықтарды шынайы өмірмен байланыстыра отырып бағалай алады. 3. Шығарма кейіпкерін өзіндік құндылық болмысы тұрғысынан талдап, нәтижесінде әдеби эссе, оқырман ретінде сыни хабарлама жаза алады. Қалыптастырушы бағалау. Бас бармақты жоғары немесе төмен. |
Ментальді карта
Венн диаграммасы
РАФТ |
||||
Сабақтың соңы 8 минут Қолдану |
Рефлекция «Білемін», «Білгім келеді», «Білдім». Үйге тапсырма: Эссе жазу |
|||||
Қосымша мәлімет |
||||||
Саралау |
Бағалау |
Пәнаралық байланыс |
||||
Талдау кезінде әр топқа деңгейлеріне сай саралау тапсырмаларын беремін.Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға: Шығарманың "тарихи құндылығын" көрсететін эпизодтарды ментальді картаға түсіреді. Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға: Есім ханға мінездеме береді және оны тарихтағы Есім ханмен салыстырады. Венн диаграммасына салады. Қолдауды қажет етпейтін оқушыларға: Шығарма кейіпкерін өзіндік құндылық болмысы тұрғысынан талдап, нәтижесінде әдеби эссе, сыни хабарлама жазады. РАФТ әдісін қолданады. |
Бас бармақты жоғары немесе төмен (қолдаймын,қолдамаймын), смайликтер арқылы, бағдаршам, «Б.Б.Б» әдістері. |
Тарих пәнімен олардың оқуы пысықталады. Есім хан жайлы бейнефильмнен үзінді көруге болады. Оқушыларға білім беру аясында тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы түсіндіріледі. АКТ қолданады. |
||||