Математика апталығында өткізілген сыныптан тыс іс-шара
«Математика - ғылымдар патшасы» атты сайыс
Пәні: математика
Сынып: 5А; 6А
Математика пәнінің мұғалімі: Жалел А
Іс - шараның тақырыбы: Математика - ғылымдар патшасы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілігі: Презентация, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау
Түрі: топтық сайыс
Жоспары:
Нақыл сөздер:
(М.В.Ломоносов)
I кезең. Таныстыру
Топ мүшелерімен таныстыру. Сынып екі топқа бөлінеді. Таныстыруға 2 ұпай
II кезең. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
I топ
1) Бір айда бес жексенбі бола ала ма? (иә, мысалы,1,8,15,22,29-шы) (10 ұпай)
2) Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш) (10 ұпай)
3) Жәнібек достарына 9 балмұздақ сатып алды. Жәнібек 316 теңге төледі ме, әлде 315 теңге төледі ме? Жауабы: 315 теңге себебі, сандардың қосындысы 9 бөлінсе, сол санда 9 бөлінеді. ( 20 ұпай)
4) Бақберген мен Жансұлтан асық ойнады. Бақберген 2 асықтан, ал Жансұлтан 1 асықтан ұтып отырған. Олар барлығы 12 асық ұтса, әрқайсысы неше асық ұтты? Жауабы: Бақберген 8 асық, Жансұлтан 4 асық ұтты. ( 30 ұпай)
5) 2 апта 5 тәулікте неше тәулік бар? Жауабы: 19 тәулік. Себебі: 1 аптада 6 тәулік, 2 аптада 12 тәулік+5 тәулік=19 тәулік ( 30 ұпай)
II топ
1) 1,2,3,......., 99 сандарында 5 цифры неше рет кездеседі? Жауабы: 11. Себебі, 5;15;25;...55;...95 (10 ұпай)
2) Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай). (10 ұпай)
3) Ұшақ А қаласынан В қаласына 1 сағ 20 мин ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Себебін түсіндір? Себебі: 1 сағ 20 мин=80 минут ( 20 ұпай)
4) Фатима, Айша, Айжан үшеуі бірге 7 жаңғақ жинады. Фатима Айшадан көп жинады, бірақ Айжаннан аз жинады. Кім қанша жаңғақ жинады? Жауабы: Айжан 4 жаңғақ, Фатима 2, ал Айша 1 жаңғақ жинады. ( 30 ұпай)
5) Берілген сандар қатары белгілі бір заңдылықпен жазылған. Сұрақ белгісі орында қандай сан болу керек?
2 , 3 , 5 , 8 , 12 , 17 , ? Жауабы: 23. Себебі, 2+1=3+2=5+3=8+4=12+5=17+6=23.
( 30 ұпай)
III кезең. Білімділер сайыcы (есептер шығару)
Алдарыңызда конверт жатыр. Әр топ кез келген конверттің біреуін таңдайды. Конверттерде есептер жасырылған, сол есепті шығару керек. Ойлануға 1 мин уақыт беріледі. Есепті дұрыс шығармаған жағдайда, қарсылас топтардың жауаптары тыңдалады. Әр дұрыс есеп 30 ұпаймен бағаланады.
Тағы айта кетер жайт, бұл конверттің біреуі бос. Бос конверт түскен топқа өз өнерлерін көрсетуі тиіс, сонда ғана ұпайға ие бола аласыңдар.
1 есеп. Сыныпта бірнеше ер бала және 16 қыз бала бар. Дене шынықтыру сабағында олар әр қатарда 9 дан 3 қатарға сапқа тұрғызылды. Сыныпта қанша ер бала бар?
Шешуі:
Х+16=9*3
Х+16=27
Х=27-16
Х=11
Жауабы:11 ұл бала бар.
2 есеп. 1 2 3 4 5 =2 теңдік орындалатындай цифрлар арасына амалдар таңбасын қойыңдар ( (1+2+3+4) : 5 = 2 )
3 есеп. Сюрприз!!!
4 есеп.Дананың ойлаған санынан ең үлкен бір таңбалы санды азайтып, нәтижеге ең кіші екі таңбалы санды қосқанда 100 шықты. Дана қандай сан ойлады?
(Х-9)+10=100
Х-9=100-10
Х-9=90
Х=90+9
Х=99
IV кезең. Математикалық сұрақтар
Екі топқада бірдей сұрақтар қойылады
1. Қандай 3 натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)
2. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар? (қарама-қарсы)
3. Екі қатынастың теңдігі. (пропроция)
4. Сандарды жазуда қолданатын таңбаларды не деп атайды?(цифрлар)
V кезең. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер) (әр команда шапшаң жауап беру керек)
Толық жауапқа 5 ұпай
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
6. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
7. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
8. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
VI кезең. «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)
Әр команда тез тұрып жауап беру арқылы ұпай жинайды ( әр дұрыс жауапқа 3 ұпай)
Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.
Сайыс аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.
VIІ кезең. Қорытынды.
Оқушылар біздер бүгінгі сайысымыз қызықты өтті ме? Ия! Бүгін біздер математикадан алған білімдерімізді шыңдадық. Әрқашанда жолдарыңыз ашық, сабақтарыңызға сәттілік тілей отырып, бүгінгі “Математика-ғылымдар патшасы”
атты сайысымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге рахмет!