«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Шұбарағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Шубарагаш отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім күні

04.09.2023

Білім күніне орай 2023 жылғы 1 қыркүйекте "Шұбарағаш ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ – де 0,1-11 сынып оқушылары, ауылдың құрметті тұрғындары қатарынан құрметті қонақтар, педагогикалық еңбек ардагерлері, ата-аналар мен мұғалімдер қатысқан "Мектебім - мейірім мекені" атты салтанатты жиын өткізілді. Іс-шара жоспарланғандай, сағат 10.00-де кідіріссіз басталды.
Жиын мектеп фойесінде өтті, безендіруге жауапты 9А сыныбы (жетекшісі Жекей Қ.) мерекелік баннер дайындады, онда Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов сынды көрнекті қазақ ағартушылары мен ақындарының портреттері және оқу мен білім туралы дәйексөздері ілінді.
Салтанатты атмосфераны құру үшін жиын жалпы сап түзеу мен Қазақстан Республикасының Туын енгізуден, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Құрамында 9-сынып оқушылары Құсайын Н., Алибеков И., Лисовская Д. бар ту шығару тобын дайындауды АӘТД оқытушы-ұйымдастырушысы Кенесов Н.Д. жүргізді. Тақырыптық музыкалық сүйемелдеумен болашақ түлектер және сынып жетекшілер бірінші сынып оқушыларын қол ұстасып ортаға шығарды. Жүргізушілер Нагаева Н., Кулкаева М. құттықтау сөз кезегін ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Г.Ж.Еңсебаеваға, құрметті қонақтар мен ата-аналар қауымына берді. Мектеп директоры оқу жылының басталуы және оқушыларды қабылдау туралы бұйрықты оқып шықты.
Бірінші сынып оқушылары тақпақтар мен әндер дайындады, 11-сынып оқушылары  оларды құттықтап, шағын сыйлықтар табыс етті. Мектеп дәстүрі бойынша 11-сынып оқушылары бірінші сынып оқушыларын мектептегі алғашқы сабағына апарды. Жиынның соңында 2-10 сынып оқушылары сынып сағаттары мен жиналыстарға барды.

      

Просмотров: 459


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст