Текст
2023 жылдың 13.02.-24.02 аралығында «Шұбарағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де химия, биология, география онкүндігі өтті.
Онкүндік жалпы мектептік сап түзеуде салтанатты түрде ашылуымен басталды. Оқушылар іс-шараларға белсене қатысып, өз білімдері мен таланттарын көрсетті. Онкүндіктің жабылуына арналған сапта ерекше көзге түскен оқушылар мадақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.