10.02.2023
Математика, физика, информатика онкүндігі аясында 8 "А" сыныбында "Python тілінде алгоритмдерді программалау" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Бұл ашық сабақтың оқу мақсаты- таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында қолдану (С/С++, Python, Delphi, Lazarus).
Ашық сабақ барысында сыныпта жағымды ахуал орнату мақсатында оқушылар алдымен «Менің мықты жақтарым» атты шаттық шеңберіне тұрды. «Өрмекші торы» әдісін қолдана отырып, үй тапсырмасы пысықталып өтті. «Ой қозғау» әдісі арқылы оқушыларға түрткі сұрақтар қойылып, соның аясында жаңа тақырыпты ашуға мүмкіндік алды. Практикалық жұмыстар орындап, «Венн» диаграммасы , «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі, «Бағдаршам» әдістері қолданылды. Оқушылар жаңа тақырыпқа қызығушылық танытып, белсенді түрде қатынаса алды.