06.02.2023
Математика, физика, информатика онкүндігі аясында информатика пәнінен 5-7 "А" сыныптар арасында "Информатикаға саяхат" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділіктерін арттыру.
Білімділік: Оқушылардың жалпы информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру. Сайыс 7 кезеңнен тұрды.
1. Сәттілік кезең.
2. Шешімін тап!
3. Кім жылдам
4. Сөзжұмбақтар
5. Полиглот.
6.Тапқыр достар
7.Жорға топ басшылар сайысы. Әр кезең түрлі сұрақтар мен тапсырмаларға толы болды. Оқушылар өздерін еркін және белсенді түрде көрсете білді.


