7 «А» сынып оқушылары қазақ тілі сабағында, екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға өлең жолдарын арнады.
Ахтанбердіқызы Айнұр:
Біздің ұшқыш апамыз, Халық қаһарманы атанды. Арманы да орындалды, Ұшқыш болды, ел қорғады, Елге аман оралды.
Куренбаева Замира:
Өмірдің қызығын көріп үлгермей, Тағы бір жас соғысқа аттанды. «Ұшқыш болам» деген арманын Соғыс алаңында бүгін орындады. Мың өліп, мың тіріліп, Отаны үшін талпынды, Қиындыққа қарамастан, Бейбітшілікке талпынды. Алды, міне, «Қанатты қыз» атағын! Болды елдің құрметтейтін, Естен кетпес Қаһарманы!