Абай Құнанбаев атамызға арналған хат
Мен, Алібеков Ибрагим, алтыншы сынып оқушысы, өз эссе-хатымды Абай Құнанбаев атамызға арнадым.
Құрметті Абай ата, менің сізге хат жазған себебім, мен сізді жақсы білемін. Мен сіз сияқты жазушы, философ, ағартушы болғым келеді және де маған сіздің жыл мезгілдеріне байланысты жазған өлеңдеріңіз ұнайды. Сіздің өлеңдерініз, қара сөздеріңіз бізді жақсылыққа шақырады, адамгершілікке үйретеді. Әр қайталап оқыған сайын жаңа бір тағылым аламын. Сіздің өлеңдеріңіз, әңгімелеріңіз, қара сөздеріңіз бізге өнегелі мұра болып қалады. Сіздің қара сөздеріңіз жалпы саны 45 бөліктен тұрады. Бірақ олардың маңызы әлдеқайда үлкендеп есептеймін. Маған сіздің күз туралы өлеңіңіз өте қатты ұңайды. Өйткені сіз сол өлеңде сипаттап айтасыз. Мен сіздің шығармаларыңызды жиі оқып тұрамын.
Мен сіздей ақын болғым келеді, соңдықтан сіздің шығармаларыңызды терең оқып мағынасын түсінуге тырысамын. Менің арманым тағыда сіз сияқты ақындар, халық қамын ойлайтын адал қызмет ететін тұлғалар көбейе берсе екен деймін. Абай ата, сізге алғысым шексіз! Дүние тұрғанша тағы қанша ұрпақтарыңыз оқып пайдаланып жақсы адам болады. Сондықтан мен сізге кішігірім хат жолдағым келді. Ал, менің хатым соңына жетті. Сау болыңыз, ізгі ниетпен - Алібеков Ибрагим.
Алібеков И. Қ.