Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп 2020 жылға арналған "Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Шұбарағаш ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы Білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Шұбарағаш ауылының жалпы білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.
Мемлекеттік мекеме 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1."Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау".
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны — қағаз түрінде.
2020 жылы білім беру ұйымы арқылы 11 қызмет көрсетілді.
2."Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
2020 жылы білім беру ұйымы арқылы 13 қызмет көрсетілді.
3."Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау".
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны — қағаз түрінде.
2020 жылы өтініштер түскен жоқ
4. "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру".
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
2020 жылы өтініштер түскен жоқ
5.Балаларды жалпы білім беретін оқу орындары арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны — қағаз түрінде.
2020 жылы өтініштер түскен жоқ
6. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау".
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны — қағаз түрінде
2020 жылы білім беру ұйымы арқылы -5 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат "Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Шұбарағаш ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жалпыға қолжетімді орындарда ақпараттық стендте орналастырылған
2018 жылғы 2-4 Шілдеде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (1 адам) "мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру" тақырыбында Мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курсынан өтті)
2020 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін "Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Шұбарағаш ауылының жалпы білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Байланыс ақпараты:
Шұбарағаш ауылы, Абылайхан көшесі 20, "Ақмола облысы Білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Шұбарағаш ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон нөмірі 35-6-83.
Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін
Мектеп директоры: Рыблер И. А.